Gagarin park: ұшуға дайын!

Қала тұрғындарының талғамынан шығып отырған бұл үйдегі барлық 182 пәтер әлдеқашан сатылып кеткен.

182 отбасы Алматыда жаңа Gagarin park тұрғын үй кешенінде қоныстойын тойлады. Тұңғыш ғарышқа ұшқан ғарышкердің аты берілген Гагарин даңғылындағы бұл үй – негізінен оңтүстік астана үшін тұрғын үйдің жаңа стандарты.

Егер Астанада BI Group стандарты оның сапасы, аулалар мен кіреберістердің ерекше дизайны, жеке сервистік қызметі болса, ал Алматы үшін бұл тұрғын үйдің жаңа деңгейі. Қала тұрғындарының талғамынан шығып отырған бұл үйдегі барлық 182 пәтер әлдеқашан сатылып кеткен.



Мұхамеджан Абишев, жоба жетекшісі: «Осыншама отбасының бізді таңдағанына өте қуаныштымыз, енді біздің команданың алдында болашақ тұрғындарының сенімін ақтау міндеті тұр. 1961 жылы Юрий Гагарин алғаш рет ғарышқа ұшты, ал 57 жылдан кейін BI Group компаниясы Алматы жылжымайтын мүлік нарығында жаңа серпін жасады. Біз клиенттеріміздің үмітін ақтап, үйді мерзімінде тапсырғанымызды мақтан тұтамыз. Баршаңызды қоныстойларыңызбен, келген жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын».



Ғалия Сырлыбаева, осы кешеннен бір бөлмелі пәтердің иесі: — Мен бұл құрылыс компаниясын бұрыннан білгендіктен таңдадым. Маған оны әпкем ұсынды. Себебі ол өзі Астанада BI Group салған үйде тұрады және ол өте риза. Маған бұл тұрғын үйдің инфрақұрылымы, бастан-аяқ қызмет көрсетуі ұнайды.



Сандуғаш Әлжанова Атыраудан Алматыға көшіп келді, үлкен үш бөлмелі пәтерді таңдады. - Мен бірінші рет BI Group-тан үй сатып алып отырмын. Үйім қаланың жоғарғы шетінде болуын қалағандықтан, осы компанияны таңдадым. Тауға жақын жерде таза ауа болғаны ұнады.



Соңғы екі жылда BI Group Қазақстанның ірі мегаполисінде тұрғын үй жобаларын белсенді түрде жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта компания Алматыда Аrt Residence, Central avenue, Gagarin park, Асыл Тау, Аманат, Жаңа Жетісу, Берекет тұрғын үй кешендерінің құрылысын жүргізуде.

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: