Муайтайдан 8 кәсіпқой «Астана қаласы әкімінің кубогы» үшін шайқасады

Турнир 71 кг дейінгі салмақта «сегіздік» форматында өткізіледі.

Елорданың 20 жылдығына орай 15 маусымда Астанада муайтайдан кәсіпқойлар арасындағы «Астана қаласы әкімінің кубогы» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты, деп хабарлайды zakon.kz.

Халықаралық шара ҚР Муайтай федерациясы және Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін болады.

Турнир 71 кг дейінгі салмақта «сегіздік» форматында өткізіледі. Онда Тайланд, АҚШ, Бразилия, Швеция, Польша, Иран және Қазақстан сияқты елдердің сегіз кәсіпқой спортшысы шайқасатын болады.

Дүниежүзілік муайтай кеңесінің (WMC) нұсқасы бойынша 51 кг салмақта кәсіпқойлар арасындағы Азия чемпионы белбеуі үшін халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еламан Саясатов пен Тайланд Корольдігінің чемпионы Конгкамрай Жирапонгтың кездесуі кештің негізгі ұрысы болмақ.

Айқастардың өтетін орны: ЕХРО-2017 аумағындағы «Конгресс-орталық».

Жарыстар сағат 18:00-де басталады деп жоспарланған. Кіру тегін.

Следите за новостями zakon.kz в: