Ақтөбелік студенттер бизнес әліппесін үйренді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.04.2016 17:38 Zakon.kz
Ақтөбеде студенттерге бизнестің мәні мен маңызын, алғашқы қадамдарды, жоспар жасап, жобаны іске асыруды үйрете бастады.

Ақтөбелік студенттер бизнес әліппесін үйренді. Облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ұйымдастырған алғашқы семинарға 25 студент қатысып, мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау туралы білді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Ақтөбеде студенттерге бизнестің мәні мен маңызын, алғашқы қадамдарды, жоспар жасап, жобаны іске асыруды үйрете бастады. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 25 студенті «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламалары аясында мемлекеттік қолдау жайын білді. «Жастардың кәсіп ашуына мүмкіндік жасап, оларға кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрету басты мақсатқа айналды. Ақтөбе облысында «Даму» қоры арқылы «Жастар старт» жаңа бағдарламасын іске қосу жоспарланды. Қаржылай қолдауды облыс әкімдігі мен «Даму» қоры жасайды. Сол себепті, жастардың танымын кеңейтіп, оларға бизнес әліппесін түсіндіру маңызды. Студенттер де өз жобасын ұсынып, кәсіпкер атана алады»,- дейді «Даму» қоры аймақтық филиалының бас менеджері Әліби Сабыр.

Айта кетейік, «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы аясында орта және жоғарғы оқу орындардың 18-29 жас аралығындағы студенттері оқытылады.

Еске салсақ, өткен жылдың соңында облыс әкімдігі мен «Даму» қоры екіжақты меморандумға қол қойды. Жас кәсіпкерлерді, тың идеяларды қолдауға бағытталған келісім аясында облыстық әкімдік 100 миллион теңге, «Даму» қоры 200 миллион теңге қаржы бөліп, старт-ап жобалардың жүзеге асырылуына септігін тигізеді. Қаржының барлығы екінші деңгейлі банк арқылы бөлінеді.

Фото: e-kyzylorda.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: