ҰБТ 2017 жылы әкімдер мен мектептер рейтингісінен кетеді – Е.Сағадиев

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.04.2016 18:49 Zakon.kz
Мектепте оған дайындалу үшін интеллектуалды деңгейді көтеру қажет. Сондықтан, оқушыларды 9-шы сыныптан кейін колледждерге қуудың қажеті жоқ.

ҰБТ әкімдер мен мектептер рейтингтерінен кетіп, мағыналы тестілеуге трансформацияланады, деп сендірді білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«ҰБТ әлеуметтік функциялармен жүктелген. Біз оны жақсы түсінеміз, және мен ұстаздар мен мектеп директорларына айтарым: келесі жылы ҰБТ әкімдер мен мектептер рейтингінен кетеді. Осы ҰБТ үшін ұстаздарға қысым көрсетпеңіздер», - деді ол «2016-2019 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» атты ОКҚ баспасөз конференциясында.

Министр баса айтып өткендей, енді ҰБТ басқа болмақ.

«Ол мағыналы болады. Мектепте оған дайындалу үшін интеллектуалды деңгейді көтеру қажет. Сондықтан, оқушыларды 9-шы сыныптан кейін колледждерге қуудың қажеті жоқ. Колледждерге түсу үшін ҰБТ-ді тапсырудың қажеті жоқ. Колледждерге 9-шы және 11-ші сыныптан кейін түсуге болады. Енді біз колледж бен мектептен кейінгі жағдайды теңестіруді жоспарлаудамыз. Олардың бәрі де ҰБТ тапсырады», - деп түсіндірді ол.

Е.Сағадиев айтып өткендей, «ҰБТ-дің бір ұлы әлеуметтік миссиясы – мемлекеттік гранттарды үлестіру болып табылады».

Фото:zhasorken.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: