Алматыда су тасқыны салдарынан өшірілген электр қуаты қайта қосылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.05.2016 21:33 Zakon.kz
Жалпы қала бойынша 114-жеке құрам, 45-бірлік техника жұмылдырылды. Оның ішінде; автомұнара-4, Газ 66-2 дана, электр зертханасы-2.

30 сәуір күні «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның диспетчерлік қызметінде қаланың Алатау және Медеу аудандары аумағындағы электр желілерінде апаттық өшірулер тіркелген. Апаттық өшірулер сәуірдің 29-ынан 30-ына қараған түні жауған нөсер жауынның салдарынан болған су тасқыны жағдайларынан орын алған, деп хабарлайды Алматы телеарнасы, «АЖК» АҚ баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Апаттық өшірулер туралы ақпар түскен бойда, «АЖК» АҚ жедел бригадалар тобы оның салдарын жою үшін оқиға орнына бірден аттанды. Сонымен бірге Алматы қаласы Азаматтық қорғау энергетика қызметімен ТЖ және АҚ штабын, ТЖ бойынша комиссия мүшелерін жинау іске асырылды. ТЖ бойынша комиссияның мәжілісі өткізіліп, апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын өткізу кезеңіне тапсырмалар нақтыланды.

Өшірудің барлық жағдайлары бойынша электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жөнінде жедел шаралар қабылданды.

Апаттық жағдайдың салдары бойынша, «АЖК» АҚ-да 130-ға жуық өшірулер тіркелген, бірер сағатта барлық тұтынушылар электр қуатына қайта қосылды.

Жалпы қала бойынша 114-жеке құрам, 45-бірлік техника жұмылдырылды. Оның ішінде; автомұнара-4, Газ 66-2 дана, электр зертханасы-2.

Фото:www.elektrik-ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: