Лента новостей
0

Қазақ күресі бойынша Виктор Демьяненко «Алматы Барысының» жеңімпазы атанды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.05.2016 22:26 Zakon.kz
«Алматы барысы» белбеуінің иегері В.Демьяненко «Қазақстан барысы» Республикалық сайысында Алматы қаласының намысын қорғайтын болады.

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресі бойынша «Алматы барысы» атты турнир өтті. Оған алып шаһардың 8 ауданынан 24 палуан қатысты. Бұл шара қалада бұқаралық спортты дамыту бағытындағы «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды , Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіберген ақпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың ресми бөлігінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұл турнирдің Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Алматының 1000 жылдығына арналған айтты. Спорттық сайыс Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күні мерекелері қарсаңында өткізілді.

«ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап қазақ мәдениеті, дәстүрі және халқымыздың тарихы жаңғыра бастады. Қазіргі кезде қаламызда айтыстар, жыраулар, термешілер фестивальдері, ұлттық өнер кештері жиі өткізілуде. Мемлекет пен «Нұр Отан» партиясы тарапынан ұлттық спорт түрлеріне, соның ішінде көкпарға, аламан-бәйгеге, аударыспаққа, теңге ілуге, қазақ күресіне айрықша назар аударылуда. Соның арқасында біздің көптеген атлеттеріміз биік нәтижелерге жетіп, халқымыздың мақтанышына айналды. Атап өтерлік жайт, бүгінгі таңда жастардың басым көпшілігі спорттың ұлттық түріне ден қоя бастады», -деді Б.Байбек.

Турнирдің финалында Наурызбай ауданының 25 жастағы тұрғыны, 2014 жылы дзюдодан Қазақстан чемпионы Виктор Демьяненко (105 кг) мен Түрксіб ауданының 22 жастағы тұрғыны қазақ күресінен спорт шеберлігіне кандидат, 2013 жылғы чемпионаттың жастар арасынан жүлдегері Бауыржан Қабай күш сынасты. Тең сайыста Виктор Демьяненко жеңімпаз атанды.

Қала әкімі Бауыржан Байбек палуанға чемпионның алтын белбеуі мен «Lada Priora» көлігінің кілтін тапсырды. Екінші орынды иеленген Бауыржан Қаба 1 000 000 теңге ақшалай сыйлық алды. Үшінші орынға Әуезов ауданының 26 жастағы тұрғыны Ақжол Медетов (110 кг) көтерілді, ол 26 жастағы Елдар Насиевпен (90 кг) күш сынасты.

«Алматы барысы» белбеуінің иегері В.Демьяненко «Қазақстан барысы» Республикалық сайысында Алматы қаласының намысын қорғайтын болады.

Фото:almaty.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: