"Юбилейный" супермаркеті аумағында өртенген баспаналарды үш мердігер компания жөндейді

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.05.2016 18:45 Фото: zakon.kz
Өрттен зардап шеккен баспаналарды қысқа мерзімде, тіпті 3-4 күн ішінде қалпына келтіру жоспарланған деген ақпарат бар.

Әкімшілік жауапқа тартылатын нақты тарап өрт себебі анықталған күнде белгілі болады. Ал, қазір алапат өрттен келген шығын көлемі есептеліп жатыр. Қала басшысы баспаналарды қысқа мерзімде қалпына келтіруді тапсырғаны мәлім, деп жазады Алматы телеарнасы.

Қазір жергілікті билік "Юбилейный" супермаркеті аумағында бүгінге дейін орналасқан нысандар басшыларымен келіссөз жүргізуде. Өрттен зардап шеккен баспаналарды қысқа мерзімде, тіпті 3-4 күн ішінде қалпына келтіру жоспарланған деген ақпарат бар.

Дәл қазір біз төтенше жағдай орын алған жерде тұрмыз. Үш күн деп отырғанымыз, пәтерлердегі жағдай мен коммуникация, яғни байланыс сымдарының жағдайы тексеріледі. Тексеріс аяқталғаннан кейін ғана жөндеу жұмыстары басталады,- дейді жауаптылар. Жөндеу жұмыстарын үш мердігер компания жасайды. Қазір өрт салдарынан кейінгі аршу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында өртке оранған пәтерлер саны 46 деп айтылған болатын, бұл жалған болып шықты. Зақымданған пәтерлер саны 23. Оның жетеуі қатты зақымданса, қалған 16-сы аздап зақымданған. 120 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 8-і - балалар. Әкімдіктегілердің айтуынша, оларға шағымданғандар жоқ. Көпшілігі туыстарының үйін паналауға кетіпті. Ал, үйдің сыртқы көріктендіру жұмыстары мен ішкі жұмыстарына екі компания жауапты. Олар бүкіл жұмыстарды бақылайтын болады. Қазір өртке оранған нысандар қоршауға алынып, өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Айта кететін тағы бір жәйт, тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін әмбебап дүкеннің тағдыры шешілетін болады. Жауаптылардың айтуынша, нысан заңсыз салынған. Сонымен қатар, өртке себепші тарап анықталғаннан кейін иелері жауапкершілікке тартылып, қомақты айыппұл арқалауы әбден мүмкін.

Фото:news.caravan.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: