Ресейде тұратын қазақ әже әлемнің ең қарт адамы болып танылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.05.2016 22:04 Zakon.kz
2016 жылдың 14 наурызында кейуана 120 жасқа толды. Бұл Ресейдің Рекордтар кітабына еніпті.

Ресейдің Астрахан облысында тұратын Танзиля Бисембеева әлемнің ең қарт адамы болып танылды. Бұл туралы «Российская газета» басылымындағы мақалаға сілтеме беріп, «Қазақстан» ҰТА хабарлады.

2016 жылдың 14 наурызында кейуана 120 жасқа толды. Бұл Ресейдің Рекордтар кітабына еніпті.

Танзиля Бисембеева Исламғазы ауылында кенже баласының үйінде тұрып жатыр. Үш баласы, 10 немересі, 24 шөбересі және екі шөпшегі бар. Бисембееваның бірінші күйеуі Ұлы Отан соғысында қаза тауыпты, олардың баласы сәби кезінде шетінеп кетіпті. Бұдан кейін ол екінші мәрте тұрмысқа шығып, 53, 54 және 57 жасында үш бала босаныпты.

Әйелдің 100 жасқа дейін дәрігердің көмегіне жүгініп көрмегені айтылады, бірақ ғасырға толғаннан кейін көзіне ота жасатыпты. Көшеге шықпайды екен, бірақ үй ішінде өз қамын өзі жасай алатын жағдайда, тіпті әлемдік жаңалықтарды да қарап отырады. Оның жанұясы кейуананың осынша ұзақ жасауының құпиясы деп өмірге жарқын қарайтынын, табиғи өніммен тамақтанатынын және зиянды әдеттерден ада екендігін атап отыр. Туыстары зейнеткердің құр қол отырмайтынын да айтады.

2016 жылдың наурызында Vista News басылымы Бисембееваның минималдық зейнетақы алатынын жазыпты. Оның 46 жылдық еңбек өтілі бар, бірақ расталмаған - еңбекке қабілетті заманында кітапша түріндегі құжат енгізілмеген екен.

Фото:kaztv.kaztrk.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: