Шымкентте 9 адамды көлік қағып кетті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.05.2016 17:07 Zakon.kz
Жәбірленушілердің басым бөлігі жүргізушіні танитын болып шықты. Жолда жүйткіп жүретін жігітке ауылдастары бірнеше рет ескерту де жасаған екен.

Шымкентте жантүршігерлік жол апаты орын алды. Аялдамада тұрған бір топ адамды көлік қағып кеткен. Соның салдарынан тоғыз адам көлік астында қалды, деп жазады otyrar.kz.

Жантүршігерлік апат Шымкенттегі Жаңаталап елдімекенінде, №93 мектепке жақын маңда болған. Ауди көлігін басқарған 19 жастағы жігіт рөлге ие бола алмай қалып, аялдамада тұрған бір топ адамды бар екпінімен қағып өткен. Қайғылы оқиғаның салдарынан жол апаты болған жерде 4 жасар балақай көз жұмды.

Жарақат алған тағы 7 адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Олардың бесеуі — оқушы балалар. Бүлдіршіндердің біреуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Ал қалалық жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері миы мен бауырына қатты зақым келген 32 жастағы әйелдің жағдайы өте ауыр екенін айтады. Бір рет операция жасалған ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Бір емес, тоғыз адамды қаққан жүргізуші жүргізуші ұсталды. Оның қанында алкогольдік ішімдіктің бар-жоғы анықталуда.

Жәбірленушілердің басым бөлігі жүргізушіні танитын болып шықты. Жолда жүйткіп жүретін жігітке ауылдастары бірнеше рет ескерту де жасаған екен. Тұрғындардың жүргізуші мас емес болуы мүмкін дейді. Бірақ, көлікті қатты айдаған.

Осындағы жолға асфальт төселгелі көліктердің жүйткуі одан ары арта түскен. Бұған қоса жолдың дәл осы тұстағы бұрылысын жүргізушілер ескере де бермейтін көрінеді.

Ернар Балабеков

Фото: otyrar.kz.

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: