Павлодарда соңғы үш күнде жеті мың текше метрге жуық су тартып алынды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.07.2016 19:49 Zakon.kz
Жұма күнінен бастап сегіз арнайы көлік жұмыс істеуде. Оның төртеуі - ГАЗон, төртеуі - КамАЗ.

Павлодарда қатты жауған жауын-шашынның әсерінен өткен аптаның жұма күнінен бастап 6-7 мың текше метрге жуық су тартып алынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық ТҮКШ бөліміне қарасты жолдарды жөндеу секторының бас маманы Бауыржан Абылқасымов хабарлады.

- Жұма күнінен бастап сегіз арнайы көлік жұмыс істеуде. Оның төртеуі - ГАЗон, төртеуі - КамАЗ. Жұмыскерлер сағат 10.00-ден түнгі 3.00-ге дейін қызмет етеді. Жол бойында нөсердің суына арналған арнайы канализация бар, судың көбі сол арқылы кетеді. Қазір суды тарту жұмыстары екінші Павлодар аймағында жүргізілуде, - деді Бауыржан Абылқасымов.

Айта кетерлігі, Қазгидрометтің ақпаратына сүйенсек, соңғы күндері Павлодарда жауын-шашынның рекордтық деңгейі жауған.

Абзал Қабдраш

Фото: Рavlodarnews.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: