Сот Талғат Ермегияевтың жазасын жеңілдеткен жоқ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.08.2016 23:28 Zakon.kz
Прокурорлар оның жаза кесілу мерзімін 14 жылдан 12 жылға дейін азайтуды сұраған болатын.

Астанада аппеляциялық сот алқасы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ндағы жемқорлық әрекет және прокурордың наразылығы бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Today.kz. Басты фигурантқа қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

«Іске қатысты барлық материалдармен танысып, барлық тараптарды, яғни қорғаушылар, іске қатысы бар адамдар, үшінші жақ пен прокурордың наразылығын тыңдап болғаннан кейін сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдыру қажет санайды», - деп сот алқасының төрағасы Асқаржан Кенжеғарин шешімді жария етті.

Естеріңізге салайық, Ермегияевтің аппеляциялық ісі сотқа тамыздың 1 күні жолданған. Арызда басты фигугуранттан өзге тағы 22 адамның ісі көрсетілген (олардың ішінде кінәсін мойындағандар да бар).

Талғат Ермегияевтың үстінен сот үкімі маусымның 9 күні шығарылды. Соттың шешімі бойынша, оған 4,2 миллиарда тенге көлемінде пара алғаны туралы кінә артылып, ол қатал режимдегі колонияға 14 жылға тоғытылды. Шамамен, ұрланған қаражаттың жалпы көлемі 10,2 миллиарда тенге. Онымен бірге жауапқа тартылған өзге 11 адам айыппұл және шартты, шынайы бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға тартылды. Сонымен қатар, сотта сотталғандарға тиесілі кәмпескеленетін дүниелердің тізімі жарияланды. Ал, Ермегияев және онымен бірге айыпталған тағы он адам кінәсін мойындаған жоқ. Дегенмен, соттың шешімі бойынша, Ермегияев алты миллиард ұлттық компанияға және мемлекетке 177 миллион теңге шығын мен мемлкеттік салым ретінде төлеуі тиіс. Алайда, ол төлеуден бас тартып, аппеляциялық соттың шешімін күткен болатын.

Фото: Today.kz.


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: