Стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігі билік назарында

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.08.2016 22:55 Zakon.kz
Жолаушылардың қауіпсіздігі басты назарда екенін айтқан облыс әкімінің бірінші орынбасары мұнда өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді және келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін автотұрақты кеңейтуді жүктеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Шымкенттегі стратегиялық маңызы бар Темір жол вокзалы мен Шымкент әуежайында болды. Алдымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Темір жол вокзалының жұмысымен танысып, қауіпсіздік шараларын көрді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Онда ол бейнебақылау камераларының талапқа сай еместігін айтып, арнайы бейне бақылау орталығының жұмысын заман талабына сай етіп жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын алдын-алу мақсатында жолаушыларды тексеруден өткізетін станционарлық темір іздегіш құрылғыларды орнатуды, вокзалдың келбетіне кері әсерін тигізіп отырған ретсіз сауда дүңгіршектерін алып тастауды тапсырды.

Сондай-ақ, Д.Сатыбалды қаладағы халықаралық әуежайда болып, ондағы жаңадан ашылған күту залын аралап көрді. Жолаушылардың қауіпсіздігі басты назарда екенін айтқан облыс әкімінің бірінші орынбасары мұнда өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді және келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін автотұрақты кеңейтуді жүктеді.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: