Павлодарлық масалар елордалық хоккейшілердің жеңіске жетуіне бөгет болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.08.2016 16:27 Zakon.kz
Бүгін павлодарлықтар «Алматы» клубына қарсы ойынайды.

Павлодарлық «Ертіс» Қазақстан Кубогы турнирінің кезекті ойынында елордалық «Номад» клубын 3:2 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ладислав Лубинаның шәкірттері ойынның 14-минутында павлодарлықтарды алға шығарды. Алексей Репкин есеп ашты. Бірақ, араға бірер минут салып, астаналық хоккейшілер екі бірдей гол соғып, жеңіс тұғырына жақындай түсті. Өткір шабуылдардың бірінде «Ертістің» 18-дегі жас ойыншысы Дмитрий Ваймер есепті теңестірді. Ал, ойынның аяқталуына 34 секунд қалғанда Кирилл Сидоренко гол соғып, айдын иелеріне үш ұпай сыйлады. Есеп 3:2.

- «Ертісте» өте тәжірибелі ойыншылар көп, біз жаңа ойыншылармен енді толық ойынға көше бастадық. Айтарым, біз тоқтаған қонақ үйдің желдеткіштері жұмыс істемейді екен, амалсыз терезені ашып жаттық. Масалар бізге ұйқы бермеді. Әрине бұл ақталу емес, дегенмен, масалар ұйықымызды бұзды, - деді «Номад» клубының үздік ойыншысы Дамир Рыспаев.

Бүгін павлодарлықтар «Алматы» клубына қарсы ойынайды. Қарсыластарын жеңген жағдайда Ладислав Лубинаның шәкірттері бірден финалға жолдама алады.

Абзал Қабдраш

Фото:Рavlodarnews.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: