Халықтық брэнд қалыптастыру – басты мақсатымыз

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.08.2016 17:48 Zakon.kz
Жиынға қатысушылар қаламыздың брэндін қалыптастыру, оларды ілгері жылжыту бойынша өздерінің ойларымен бөлісіп, ұсыныстар берді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы негізінде, ұлттық және өңірлік брэнд қалыптастыру, оларды жылжыту бойынша және облыс әкімі Б.Атамқұловтың осы бағыттағы тапсырмаларын орындау бойынша әр аудан және қалаларда кездесулер ұйымдастыру жоспарланған. Бұл туралы , Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Республика деңгейінде атқаралып жатқан ауқымды жұмыстарды жүргізу мақсатында облыс көлемінде арнайы сарапшылар бүгін Арыс қаласында болды.

Кездесуге облыс әкімінің кеңесшілері (бренді қалыптастыру бойынша сарапшылар) С.Бүксіков пен Б.Каюпова, қала әкімі С.Ертай, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық бірлестіктер, этномәдени орталықтың өкілдері, мекеме және бөлім басшылары қатысты.

Жиынға қатысушылар қаламыздың брэндін қалыптастыру, оларды ілгері жылжыту бойынша өздерінің ойларымен бөлісіп, ұсыныстар берді.


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: