ОҚО Қазығұрт ауданында құрылыс нысандары бақылануда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.08.2016 18:24 Zakon.kz
Білім ошақтары ел игілігіне берілгеннен кейін 1231 балаға білім алу мүмкіндігі ашылмақ.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Қазығұрт ауданында іс-сапармен болып, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы мен сапасын аралап көрді. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2016-2017 жылға өтпелі кезеңімен салынып жатқан Махамбет елді мекеніндегі М.Өтемісұлы атындағы 300 орындық, Ынталы елді мекеніндегі 300 орындық және Қаржан елді мекеніндегі 300 орындық білім нысандарының құрылысы мен «Болашақ» мөлтек ауданның инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның құрылыстарымен танысты, деп жазады zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Құрылысы жүргізіліп жатқан білім беру нысандарында мердігер мекемелермен техникалық қадағалаушыға, бекітілген өндірістік кестеге сәйкес сапалы және өз мерзімінде аяқтауды, қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Айта кетейік, білім ошақтары ел игілігіне берілгеннен кейін 1231 балаға білім алу мүмкіндігі ашылмақ. Аталған білім беру нысандары мен «Болашақ» мөлтек ауданның инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысының жалпы құны 3005,4 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ, 2015-2016 жылдары 220,4 млн. теңгеге салынған 2 көпірдің аяқталған құрылысымен танысты.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: