ОҚО-ға Корея мемлекетінен инвестиция тартылмақ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.08.2016 16:11 Zakon.kz
Өз кезінде Чой Джун Хван, ауқымды жобаларды жүзеге асыруда сенім білдіріп отырғаны үшін билік өкілдеріне алғысын жеткізді.

ОҚО өңір басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды Корея мемлекеті «KISCO» компаниясының президенті Чой Джун Хван мырзамен кездесті. Бас қосуда орынбасар өңірдің негізгі жетістіктері мен ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласындағы даму көрсеткіштеріне тоқталып, инвесторларды облыстағы бірқатар инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Өз кезінде Чой Джун Хван, ауқымды жобаларды жүзеге асыруда сенім білдіріп отырғаны үшін билік өкілдеріне алғысын жеткізді.

Кездесу соңында Дархан Сатыбалды мәртебелі мейманды 6-7 қазан күндері Шымкент қаласында өтетін халықаралық «Ontustik Tourism 2016» туристік форумына қатысуға шақырды.

Форумның басты мақсаты - туризм саласындағы серіктестікті нығайту. Шара барысында қатысушылар әлеуетті серіктестермен кездесулерге қатысып, отандық және халықаралық деңгейдегі сарапшылармен сұхбаттасатын болады. Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық және қазақстандық туроператорлар, инвестициялық компаниялар, туристтік ассоциациялар және халықаралық тәуелсіз сарапшылар шақырылған. Аталған шараға 250 қазақстандық және алыс-жақын 10 елдің өкілдері қатысады деп күтілуде.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: