Қырғызстанда ақсулық тазыға шетелдіктер қызығушылық білдіруде

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.09.2016 16:45 Zakon.kz
Ресми мәліметтерге сүйенсек, ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 50-ден астам мемлекеттің спортшылары қатысады. Олар ұлттық спорттың 26 түрінен сынға түседі.

Қырғызстанның Чолпан Ата қаласында өтіп жатқан ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Павлодар облысының намысын қорғайтын ақсулық Бекболат Ысқақовтың Нарын есімді тазысына шетелдіктер құда түсуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ит жүгіртіп, құс салуды серік еткен саятшының айтуынша, Ыстықкөл облысында 3-8 қыркүйек аралығында өтетін ойындарға Қазақстаннан тазыларымен алты адам келген. Олардың біреуі - Астанадан, екеуі - Көкшетаудан, қалғаны - Алматыдан.

- Нарынға көзі түскен грузиялықтар, қырғыздар, монғолдар және мажарлар да үлкен қызығушылық танытып отыр. Тіпті, сатып алуға да ниет білдіргендер бар. Грузия елінен келген бауырларымыз да қазақтың құмай тазысын асырап отырғандарын айтады. Былтыр Нарынды Өскеменнен әкелген болатынмын. Қазір екі жарым жаста. Аңға шыққанда жүйрік, қоянды жақсы алады. Айта кетерлігі, шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген еріктілер бірнеше тілді меңгерген, - дейді Бекболат Ысқақов.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 50-ден астам мемлекеттің спортшылары қатысады. Олар ұлттық спорттың 26 түрінен сынға түседі. Еске сала кетейік, Бекболат Ысқақов сайын далада емес, Ақсу қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында бүркіттерін баптайды. Қазақстандағы құсбегілер федерациясының белді мүшесі атанған ол балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дәстүрлі спорт түрлерінен сабақ береді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: