Астанада алғаш рет «Көктемгі Астана» сенбілігі өтіп жатыр
Фото: zakon.kz
Ауқымды шараға қаланың барлық коммуналдық қызметтері, аудандардың өндірістік-техникалық бөлімдерінің мамандары, ПИК қызметкерлері мен елорданың жастар ұйымдарының өкілдері тартылған. Мұнымен қоса, ведомствоға қарасты аумақтарды аудандардың әкімдері тексеруде.
Елордада су тасқыны мен төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған «Көктемгі Астана» жалпықалалық ауқымды шарасы өтіп жатыр. Сенбілік аясында қаланың барлық аудандарында тұрғын алаптарының, көп пәтерлі тұрғын үйлердің, жеке меншік секторын, әлеуметтік маңызды нысандар аумағын қамти отырып, қар жинау және оны қар полигондарына шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ауқымды шараға қаланың барлық коммуналдық қызметтері, аудандардың өндірістік-техникалық бөлімдерінің мамандары, ПИК қызметкерлері мен елорданың жастар ұйымдарының өкілдері тартылған. Мұнымен қоса, ведомствоға қарасты аумақтарды аудандардың әкімдері тексеруде.
Елордада жеке меншік сектордың басым бөлігі «Алматы» ауданында орналасқан. Әкімдік қызметкерлері қыс бойы аулалар мен орамішілік аумақты санитардық тазарту мәселелерін үйлердің иелерімен тығыз ынтымақтастықта мұқият пысықтауда, олар өзкүшімен қарды тұрғын үйлердің аумағынан шығарып, төбелердегі қарды лақтыруда.
«Су тасқынына жол бермеу мақсатында жеке меншік секторға басымдық беріп отырмыз – Оңтүстік-Шығыс, Жуковка, Оторвановка, базар аумағы. Сондай-ақ, тұрғын үй кешендеріне, аулааралық өткелдерге, ПИК-тің орамішілік аумағына баса назар аударылады. Жалпы алғанда, орталық көшелер, қосалқы жолдар, гүлзарлар мен тротуарлар тазартылды. Сенбілікке 1000 астам жол жұмыскері мен 100 студент, 500-ден аса арнайы техника тартылды. Бұдан басқа, жекелеген учаскелерде мердігерлік ұйымдар бекітіліп, құрылыс компаниялары қол ұшын созды», - дейді «Алматы» ауданы әкімдігінің ӨТБ басшысы Мақсат Саматұлы.
Дегенмен, бірнеше рет хабарланғанымен, көліктерін орамішілік аумақтан алмаған көп қабатты тұрғын үйлерде қар жинау жұмыстары кезінде қиындықтар туындап отыр, дейді мамандар. Бұл арнайы техниканың өтуіне кедергі келтіреді.
«Есіл» ауданында Шығыс Ильинка және Үркер тұрғын алаптарындағы қар шығарылуда. Аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Әлкейбатыр Серікұлының айтуынша, ауданда механикаландырылған жинау жұмыстарына 174 арнайы техника, соның ішінде 136 самосвал 34 тиегіш тартылған. Үркер тұрғын алабында 11 учаскеде қар жинау жұмыстары қолға алынған. Тиісті жұмыстарды «Азия Старт Инвест» ЖШС, «Аруан Трейд» ЖШС, «Санжар НС» ЖШС, «Астана Қала Сервис» ЖШС, «Жан Мади Астана» ЖШС сынды мердігерлік ұйымдары және Астана қаласының энергетика басқармасы жүзеге асыруда.
Сонымен қатар, «Сарыарқа» ауданында да қар шығару жұмыстары басталды.
«Сенбілікке 3000 аса ұйым мен кәсіпорын, мектептер, балабақшалар, шыған жәре орта бизнес, ПИК жұмылдырылды. Барлығы 1000 адам мен 500-ден артық мамандандырылған техника. Жеке меншік сектор тұрғындары да әкімдіктің бастамасын қолдап, тұрғын үйлердің аумағын тазартып жатқанын айта кеткеніміз жөн. Аудан бойынша бүгін 10 ардагерге, мүгедектерге жән көп балалары жандарға көмек көрсетілді», - деді «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары Ришат Тұрдыбеков.
«Астана Жастар» жастар ресурстық орталығы мен Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының, жастар конгресінің, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері де белсенді азаматтық позиция танытты. Олар студенттік жасақты тарта отырып, халықтың әлеуметтік осал топтарына қол ұшын созды. Бүгінгі шараға 1000 аса елордалық жас өз үлесін қосуда.
«Көктемгі Астана» акциясы «Мейірімді қала» шарасының жалғасы болып табылады. Мерекелер қарсаңында қаланың жастары – ЖОО, колледж студенттері, жұмысшы жастар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, барлығы 1000 аса жас, сенбілікке қатысып, қарияларға, ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және жалғызбасты қарттарға атаулы көмек көрсетті. Көктал, Заречное, Промышленный тұрғын алаптарына баса назар аударылып отыр. Бұл бастама үш аптадан бері жүзеге асырылып келеді. Қар жинау бойынша сенбілік Астанада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Тиімділігі де бар, үш апта бұрын 35 үй қамтылса, өткен аптада 50-ден артық, бүгін 100-ден астам үйдің аудасы жиналды», - деп хабарлады Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов.
Елордалық ПИК өкілдері де тиісті жұмыстарға кірісіп, орамішілік аумақтағы қарды жинап, тұрғын үйлердің төбелері мен аулалардағы мұздарды жоюда.
Осы сияқты шаралардың өзектілігін ескере келе, қалалық билік бұл бастаманы тұрақты түрде өткізбек ниетте.
Қала билігі Астана тұрғындарын жалпықалалық шараға екі күн бойы белсенді түрде қатысуға және тұрғын үйлердің аумағындағы қарды тазалауға шақырады. Сонымен қатар, ауқымды механикаландырылған жинау жұмыстарының нәтижесінде су тасқыны мен су басу қаупінің қайталануын болдырмау үшін қарды жолдың жүріс бөлігіне шығаруға болмайтынын ескертеді.
Сонымен қатар, елорда әкімдігі қала тұрғындарына қарды мамандандырылған техникаға дейін жеткізу қажеттілігін хабарлайды. Ауқымды сенбіліктен кейін орамішілік аудандарды арнайы техниканың көмегімен жинау жұмыстары жүргізілмейді. Сонда тұрғындар техниканы өз күшімен тартуға мәжбүр болады.
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript