Алматыда сотталған трансгендер әйелдер колониясына жіберілмек

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.03.2017 18:13 Zakon.kz
Кәрімжан Берікқожаев 2016 жылы 20 тамызда Алматы кафелерінің бірінде жәбірленушіден он мың доллар алып отырған кезде ұсталды.
Алматыда трансгендер бопсалау ісі бойынша сотталған болатын. Негізгі түйіткілді мәселе шешілді: оны ерлер емес, әйелдер колониясына жіберетін болды. Жынысын өзгертіп, Виктория есімді әйел атанған трансгендер Кәрімжан Берікқожаев бопсалағаны үшін айыпты деп танылып, әйелдер колониясына жіберілетін болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Дүйсенбі күні 6 наурызда Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Қасым Қалмағамбетов Қылмыстық кодекстің 194 бабы, 4 бөлігі бойынша үкімді оқып, Виктория Берікқожаева алты жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасына кесілді.

"Виктория құжат жасатты. Жеке куәлік алу үшін құжаттарын тапсырған, жұма күні куәлігін алады. Сол себепті сотта оның құжат алғандығы туралы түбіртек болды, үкім Берікқожаева Викторияға қатысты шығарылды", — деп түсіндірді сотталған трансгендердің қорғаушысы Марина Расулова.

Кәрімжан Берікқожаев 2016 жылы 20 тамызда Алматы кафелерінің бірінде жәбірленушіден он мың доллар алып отырған кезде ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, Берікқожаев басқа бір трансгендерді жынысын ауыстырғаны туралы ақпарат таратамын деп бопсалап, ақша талап етіпті. Бірақ, жоспары іске аспай қалды – жәбірленуші полицияға хабар берген.

Фото: sputniknews.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: