Павлодарда жалған хабарлама бойынша өрт сөндірушілерді шақыру жиілеген
Zakon.kz
Тұрғындардың дер кезінде пешті тазаламауы салдарынан ыстан улану фактілері де жиі орын алады.
Павлодарда күніне өрт сөндіру қызметіне өрт орын алғаны туралы екі-үш жалған шақырту түседі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында облыстық ТЖ департаменті бастығының орынбасары Алексей Двинянин мәлім етті.
- Оқиға орнына жеткен біздің қызметкерлер жай ғана қағаздың тұтанғанын анықтайды. Тұрғындар бекерге құтқарушыларды шақырады. Яғни, өрт сөндіру техникасы жеткенге дейін өздігінен отты сөндіріп алады да ескертпейді. Ал, оған қанша қаржы кететіні туралы ойламайды. Әлбетте, біз кез келген қоңырауға барамыз. Дегенмен соңғы кездері мұндай жағдайлар жиілеп кеткен. Тұрғындар қоқысты подъездің ішінде қалдырып кетеді де, сол жерге темекінің тұқылын лақтырады. Сондықтан алдымен шынымен өрт орын алғанына және көмек қажет екендігіне көз жеткізіп шақыртқандары жөн, - дейді Алексей Двинянин.
Облыстық ТЖ департаментінің өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Серік Ысқақовтың айтуынша, тұрғындардың дер кезінде пешті тазаламауы салдарынан ыстан улану фактілері де жиі орын алады. Жылу маусымы басталмас бұрын тұрғын үй иелері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Десе де, сараптама қорытындысы көпшіліктің көмір мен отынды үнемедеу арқылы жылуды сақтап қалуы қайғылы жағдайға әкелетінін көрсетуде. Нәтижесінде толық жанып кетпеген қалдықтардан бөлінетін улы газ адам өміріне қауіп төндіреді.
Ақбота Сейсенбаева
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript