«Сарыағаш» шипажайының кәріз жүйелері қайта жаңармақ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.03.2017 22:11 Zakon.kz
Көктерек кентіндегі халық санының ұлғаюына және шипажайлар саны 20-дан аса артуына байланысты кәріз суларының көлемі бұрынғысынан бірнеше есеге артып, апатты жағдайда жұмыс жүргізіп келеді.
Сарыағаш ауданының Көктерек кентіне қарасты кәріз жүйелері мен шайынды суларды тазарту бекеті қайта жаңартуды талап етеді. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Әбдуәлиев таяуда тілшілердің Сарыағашқа жасаған арнайы баспасөз турында айтты. Қ.Әбдуәлиев шипажайдағы жағдайды түсіндіру мақсатында сол маңдағы кәсіпкерлермен кездесіп, баспасөз конференциясын өткізді. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сәйкес, 1984 жылы іске қосылып, бүгінгі таңға әбден тозығы жетіп қайта-құрылымдауды талап ететін бекет «Сарыағаш» емдеу оңалту кешені ЖШС-нің теңгерімінде, негізгі қуаты тәулігіне 1000 текше метрге есептелген. Ал қазіргі таңда, Көктерек кентіндегі халық санының ұлғаюына және шипажайлар саны 20-дан аса артуына байланысты кәріз суларының көлемі бұрынғысынан бірнеше есеге артып, апатты жағдайда жұмыс жүргізіп келеді.

Осыған байланысты бұл аталған тозығы жеткен кәріз жүйесі мен шайынды суларды тазарту бекетін қайта құрылымдауға және қуатын арттыруға «Сарыағаш» емдеу оңалту кешені ЖШС-і өз қаражат есебінен жалпы сомасы 28 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжатын (ПСД) әзірлеп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Жоба бойынша қуаттылығы тәулігіне 3100 текше метрге дейін кәріз суларын қабылдап-тазарту мүмкіндігіне ие. Жоба құны 1 164,008 млн.теңгені құрайды.

Аталған жобаны іске асыру мақсатында «Сарыағаш» емдеу оңалту кешені» аумағында орналасқан жеке кәсіпкерлерге тиесілі мейрамханалар мен базар алаңдарының нысандары кедергі келтіретін болғандықтан, яғни жер иеленген жеке кәсіпкерлер мейрамханалар мен дүкен және базар алаңдарының ғимараттарын магистаралды кәріз жүйесінің үстіне тұрғызған «Сарыағаш» емдеу оңалту кешені ЖШС-і осы мәселе бойынша сотқа талап арыз беріп, арызы қанағаттандырылып 2017 жылдың 17 ақпан күні сот шешімі шыққан. Бүгінгі күнге сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Қазіргі таңға кәсіпкерлік нысандарында жұмыс істеп жатқан азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Көктерек курорты аумағын дамыту бағдарламасында сауда-саттық жасаушыларға «Сарыағаш» емдеу оңалту кешені аумағынан арнайы жер қарастырылуда. Дегенмен бүгінгі күнге кәріз жүйесі мен шайынды суларды тазарту бекетін қайта құрылымдауға жасалынған жобаның іске асыру процедурасы біраз уақытты талап етеді. Сондықтан кәріз жүйесінің жобасы іске асқанға дейін сауда-саттықпен шұғылданатын тұлғаларға жаңа замауи сауда орындарымен қамтамасыз ету жоспарлануда.

БАҚ өкілдері аялдаған кезекті нысан «Ақ тілек» емдеу-сауықтыру шипажайы болды. 100 адамды жұмыспен қамтыған орталық та минералдық және термалдық суларды пайдалану арқылы адам ағзасын емдейді. Айта кеткен жөн, қазіргі таңда, Сарыағаш ауаданының курорт аумағында 22 емдік сауықтыру орталықтары демалушыларға қызмет етеді.

Жалпы, ауданда минералдық және термалдық суларды пайдалану арқылы сауықтыру туризмін дамыту мақсатында «Сарыағаш» жаңа курорттық қалашығының құрылысы бойынша бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. «Сарыағаш» жаңа курорт аумағын жалпы жер көлемі 530 гектарға ұлғайту жоспарланып, жер учаскелеріне түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Аудандық кәсіпкерлік бөліміне туризм саласын дамыту бағытында бүгінгі күнге Көктерек кенті аумағындағы жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сай іске асырылатын 10 жоба ұсынылып, жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі



Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: