Алматының онколог дәрігерлері тұрғындар тегін тексеруге келмейді деп ренжулі
Фото: zakon.kz
Бүгінде әйелдердің сүт безі, ішек және асқазан, тоқ ішек пен бауыр қатерлі ісіктерін ерте кезден анықтау үшін қалалық емханаларда скринингтік тексерулер жүргізіледі.
Алматының онколог дәрігерлері тұрғындар тегін тексеруге келмейді деп ренжулі. Қатерлі ісік ауруларын ерте кезеңде анықтау үшін жасалатын скринингтерге қазынадан биыл 4,5 миллиард теңге қарастырылған. Алайда халық бұған аса мән бермейді екен. Егер сырқат түрі алғашқы кезеңдерде анықталса, оны емдеу де жеңіл болар еді дейді дәрігерлер, деп жазады 31 арна.
Бүгінде әйелдердің сүт безі, ішек және асқазан, тоқ ішек пен бауыр қатерлі ісіктерін ерте кезден анықтау үшін қалалық емханаларда скринингтік тексерулер жүргізіледі. 2016 жылы тоқ ішек қатерлі ісігіне шалдыққан 62 науқас толық тексерістен бас тартса, 73 әйелден сүт безі қатерлі ісігі анықталған. Алайда олар бір жыл бұрын скринингке шақырылған екен. Сондықтан дәрігерлер мұндай тегін тексерулерден қашпай, денсаулыққа мән беруге шақырады.
ДАМИР ДӘУЛЕТБАЕВ, Алматы қалалық онкологиялық орталығының бас дәрігері:
- Жалпы айтамыз, "Бірінші байлық - денсаулық" деп, бірақ өкінішке орай өкімет тегін өткізіп жатқан скринингке, дәрігерге бара қоймаймыз. Адамдар ойлансын, тегін зат жоқ, өкімет олардың зерттелуіне, емделуіне қаражат бөліп жатыр.
Фото: okeydoc.ru
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript