Ақтөбе облысында оралман отбасын заңды пәтерлерінен қуып шықты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.03.2017 16:09 Zakon.kz
Сара мен Есенгелді Қарабалиевтер арендалық екі бөлмелі үйді төрт жыл бұрын алған еді, енді келіп жемқорлыққа қарсы күрес бөлімі оларға үйдің заңсыз берілгенін анықтапты.
Сара Қарабалиева 2012 жылы облыс әкімінің қолынан пәтер кілтін алған. Арада 4 жыл өткенде қатерлі ауруға ұшыраған әйелді отбасымен қосып пәтерден шығарып жіберген. Бұл туралы Stan.kz, “Диапазон” жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Батыс-2 ықшамауданындағы 15 Б үйінде Ресейден көшіп келген қазақ отбасы 4 жыл тұрған. Осы уақыт ішінде Қарабалиевтер баспанаға кезек пен оралман статусынан айырылған.

Сара мен Есенгелді Қарабалиевтер арендалық екі бөлмелі үйді төрт жыл бұрын алған еді, енді келіп жемқорлыққа қарсы күрес бөлімі оларға үйдің заңсыз берілгенін анықтапты. Олар Ресейден 2006 жылы көшіп келгеннен кейін, туыстарының үйіне орналасып жұмыс іздей бастаған.

“Күйеуім механик, өзім есепшімін. 3 баламыз бар. Қызым колледжде оқиды. Күйеуімнің қазақстандық құжаты болмағандықтан еш жұмысқа алмады, сол себепте әр жерде жүріп жұмыс істеді. Мен еңбекпен қамту орталығында есепте тұрдым. 2012 жылы мені орталықтың жетекшісі шақырып: “біз сізге “Жол картасы” бағдарламасы бойынша жалға баспана бергіміз келеді” дегенде мен таңғалдым. Мен оралман екенімді анкетада көрсеткенмін. Бұл әңгіме тамыздың соңында болған. Қыркүйектің ортасында бізді “Нұр Отанға” шақырып ол жерде оралмандар мәселесін қалай реттеп жатқандығы айтылды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов 3 отбасыға, оның ішінде біз де бармыз баспана сертификатын табыстады. Өзге екі отбасы Қарақалпақстаннан келгендер екен. Мен бұл үшін ешқандай құжат толтырмадым. Құрылыс жүріп жатқанын, желтоқсан айында берілетінін айтты. Бірақ, біз әрі қарай айына 40 мың теңге төлеп уақытша баспанада тұра бердік. Тек күйеуім ғана жұмыс істеді. Менен онкологиялық ауру анықтап, есепте тұрдым. Желтоқсан айында хабарласып, біз 2013 жылдың қаңтар айында жаңа үйге көшіп келдік”, – дейді ол.

1 ақпаннан бастап жұмыспен қамту орталығы Қарабалиевалар отбасымен жалға алу келісім-шартына қол қояды. Олар коммуналдық ақыны қоса есептегенде 3400 теңге төлеген. Ресейден туыстары үсті-үстіне келіп, Қазақстанның оралмандарды дәл осылай қабылдайтынына естері шығып қуаныпты.

“Тергеуші маған келіп сіз Сара Нұрқатованы танисыз ба дейді. Мен ондай есімді бірінші рет естіп тұрмын. Баспана беру кезінде қандай да бір қателік кеткен секілді”, – дейді әйел.

16 қаңтарда жұмыспен қамту орталығы Қарабалиевалармен келісім-шартты үзеді. Шешім Мұғалжар аудандық жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының араласуымен шыққан. Олар сотқа арызданғанымен, сот та мәселені отбасының пайдасына шешпепті.

“Енді біз қайда барамыз? Шенеуніктердің жіберген қателігінен біз зардап шегіп отырмыз. Баспанаға кезекті де жоғалттық, басымызда оралман деген статус та жоқ”, – дейді Сара.

“Менің түсінгенім мұнда лақтырып кету деген қалыпты құбылыс. Күйеуім де жалақысын ала алмай, әр жерде жұмыс істеді. Енді пәтермен мәселе туындап отыр. Біз облыстық сотқа шағымданып, президентке арыз айтамыз”, – дейді Сара Қарабалиева.

Фото: Stan.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: