Биыл еліміздің қай өңірлерін су басу қаупі бар
Zakon.kz
Үкіметте көктемгі су тасқынына дайындық мәселесі талқыланды
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов көктемгі су тасқынына дайындық қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп жазады sputniknews.kz.
"Гидрометрологиялық орталық мәліметтерін және су қоймаларының жағдайын ескере отырып, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны қаупі жоғары деңгейде болған еді. Бірақ соңғы ауа райы болжамы мен жағдайды саралай отырып, тек Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында су басу қаупі сақталып отыр деп айта аламыз. Ауа райын ескере отырып, Қостанай облысында 6-7 сәуірде, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында 8-9 сәуірден су тасқыны басталады деп күтіп отырмыз. Осы уақытқа дейін барлық күштер дайын болып, барлық шараларды қолға аламыз", — деп баяндады Қасымов үкімет отырысында.
Фото: www.inform.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript