Атырауда 6 млн теңгенің балығы ауланды
Zakon.kz
Бағалы балықтың ұзындығы – 2 жарым метрге жуық.
Салмағы 200 келіге жуықтайтын қорытпа жергілікті балық аулаумен айналысатын кооператив жұмысшыларының ауына түсіпті, деп жазады КТК телеарнасы.
Бағалы балықтың ұзындығы – 2 жарым метрге жуық. Аналық қорытпаның ауға түскеніне мамандар да қуанышты. Өйткені, одан шамамен 30 келіге жуық уылдырық алынбақ. Кейін олар өсіп, салмақтары 3-4 грамм шабаққа айналған соң, Каспий теңізіне жіберіледі. Ал алып балықтың өзі қазір жасанды су қоймасында. Салыстырмалы түрде айтсақ, қара базарда бұл балықтың етінің бір келісі орта есеппен 3500-4000 теңге, ал уылдырығының бір келісі – 200 мың теңге шамасында.
Болат Мұхатжиев, Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының бас инженері:
-Балық маусымы жақсы басталып жатыр деп есептейміз. Жақсы шабақтар шығарамыз деп ойлап отырмыз.
Фото: Baq.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript