Самса сатып аларда сақ болыңыздар

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.04.2017 17:44 Zakon.kz
Жолаушылар самса жасап отырғандардан істің мән-жайын білмек болғанда, асханадағы екі жігіт қашып үлгеріпті.
Жетісай-Алматы бағытында автоубспен келе жатқан жолаушылар, Сарыағаш-Шымкент жолы бойындағы самса сататын орында келеңсіз іске куә болған. Жолда тоқтаған автобустың жолаушылары тандыр басына үймелеп, самса сатып алады. Арада біраз өткенде олардың біреуі самасның ішінен құмырысқа шыққанын айтып, дабыл қаққан, деп жазады “The Qazaq Times”.

Сонымен, сатып алғандардың бәрі самсаларды ашып тексере бастағанда, ішінен не екені белгісіз қап-қара зат шыққан. Әдеттегі малдың етіне ұқсамайтын болған соң, олар дереу полицияға хабар береді. Бірнеше адам самсаны жеп үлгерген екен. Ашуланған жұрт бұның неден жасалғанын білмек болып сатушыны қысымға алғанда, сатушы өзбек әйелі өзінің ешнәрседен хабарсыз екенін айтып шырылдайды.

Жолаушылар самса жасап отырғандардан істің мән-жайын білмек болғанда, асханадағы екі жігіт қашып үлгеріпті. Көп өтпей самсахананың иесі де келген. Ол жолаушылардан кешірім сұрап, бәрінің ақшасын қайтарып беретінін, самсахананы енді мүлде жабатынын айтқанымен, бұл істі аяқсыз қалдырғысы келмеген жұрт полицияны күтеді. Көп өтпей бөлімше полицейі мен тергеу тобы да жетті. Арыз жазылып, самсалар сараптамаға жіберілетін болыпты. Ары қарайғы іспен құқық қорғау орындары айналыспақ.

«Қазір ақша табуға дәніккен адамдар «аңқау елге арамза молда» болғысы келеді» бұған тексеру орындарының салғырттығы да себеп болып тұр.

Фото: qazaqtimes.com

Видео: qazaqtimes.com

zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: