ОҚО-да жылына 200 тонна қозықұйрық өсіретін ферма бар
Zakon.kz
Фермада көлемі 280 шаршы метр болатын 12 камера бар.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы «Agro Green» ЖШС-гі өңірде алғаш рет ірі көлемде қозықұйрық өсіруді қолға алып отыр. Осы жылдың басында жұмысын бастаған серіктестік жылына 200 тонна өнім өндіруді жоспарлап отыр, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Облыста қозықұйрық өсіруде ең алғашқы ір жоба болып табылатын ферманың жұмысымен журналистер облыс әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур барысында танысты.
Қозықұйрықтың А15 сортын өсіріп шығаратын ферма тұқымды Голландия елінен әкеледі. Фермада көлемі 280 шаршы метр болатын 12 камера бар. Мұнда егілген қозықұйрық үш айда дайын болады. Яғни, шаруалар жылына 4 рет өнім егіп ала алады. Қазір осы камераларда өскен қозықұйрықтың келі¬сін 800-1000 теңгеден өткізіп отыр. Алғашқы өнімін жинап отырған ферма бүгінге дейін 5 тонна өнім жинап, оны Қарағанды, Алматы, Шымкент қалаларының нарығына шығаруда. Қозықұйрықтың адам ағзасына тигізер пайдасының мол екенін айтқан ферма басшылығы бұл кәсіптің түрін Польша еліндегі әріптестерінен үйренгенін айтады.
Қозықұйрықтар жеуге жарайтын басқа саңырақұлақтар сияқты құнды ақуыздарға, көмірсулар мен органикалық қышқылдарға бай. Сонымен қатар құрамында PP, E, D, B дәрумендері, жүрек-қан тамырлары жұмысына жайлы әсер ететін кальций, магний, мырыш бар.
Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript