Қызылордада мереке күні ұлттық ойындар ойнатылды
Zakon.kz
Жарысқа қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылған жоқ.
Қазақстан халқының бірлігі күні қызылордалықтар ұлттық ойын түрлерінен сынға түсті. Орталық алаңда ұйымдастырылған шараға жастар белсенді атсалысты, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Жарысқа қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылған жоқ. «Мен мықтымын» дегендер ортаға шығып, кір тасын көтеріп, арқан тартысты. Сайдың тасындай сақа жігіттердің бір бөлігі қол күресінен өзара жеңімпаздарды анықтап, жас жеткіншектер асық атудан шеберлік байқасты. Ал өңірдегі 11 этно-мәдени орталықтың өкілдері «Татулық тірегі-Сыр елі» атты форумда бас қосты. Ұлттық тұтастық тәуелсіздігіміздің негізгі қазығы деп санайтын сырбойылықтар да бірлік мейрамын сән-салтанатымен атап өтті.
Асылбек Жаманқұлов, қалалық спорт бөлімінің басшысы:
- Әсіресе ауылдық жерлерден, қалаға қарайтын ауылдық округтерден спортшылар келіп жатыр ауылдың балалары қызығып, оларға енді бұл үлкен мереке. Біз оларға барлық жағдайды жасап, асық ататын алаңшасын жасап беріп жатырмыз. Барлығы тізіліп, жазылып, рет-ретімен ойындарын көрсетіп жатыр. Бағалы сыйлықтармен және марапаттау қағаздарымен марапатталатын болады.
Фото: 24.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript