Ақмола облысында ерлі-зайыпты өзге ұлттан 10 бала асырап алған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.05.2017 19:11 Zakon.kz
Жеткіншектер сан түрлі ұлттың өнерін меңгеруге машық.
Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Кенесары ауылында көпұлтты отбасы тұрады. Шаңырақтың шаттығы үшін Қабылбаевтар отбасы ұлты өзге 10 баланы асырап алған. Бауырына басқан қазақ, түрік, орыс, украин балалары қазір бір шаңырақ астында тату-тәтті тірлік кешуде, деп хабарлайды stan.kz, Қазақстан ҰТА жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Еркелеген немерелеріне қарап шаттыққа бөленген Айбат әжені көріп оның бір кездері келіні мен ұлының бала асырап аламыз дегеніне қарсылық танытты деп ешкім ойламайды. Бірақ оның өз себептері болған.

«Әлі ата-ана болып көрген жоқсыңдар, біреудің баласын қалайша бауырыңа баса аласыңдар дедім. Аамның өзі ана атанбаған соң біреудің баласын жақсы көріп кетуі қиын. Кейін Ибраһим туған соң, ақылдасып өздерің шешіңдер дедім», – дейді әжей.

Балалардың ең кішісі 6 жаста, үлкені 16-да. Олардың бәрі қазақ тілін жетік меңгерген. Бәрі бір-біріне қамқор. Ұлтына қарап ешкім бөлінбейді. Бәріміз Қабылбаевтармыз дейді.

«Сабақ оқығанда үлкендер бізге көмектеседі. Ал, біз өзімізден кіші балаларға көмектесеміз. Осылай бірімізге қарайласып тұрамыз. Тату-тәтті тұрып жатырмыз», – дейді Төлеген Қабылбаев.

«Менің әпкелерім, інілерім, сіңлілерім барына қуанамын. Өйткені бір-бірімізге көмектесіп жүреміз. Бәрін бірігіп жасаймыз», – дейді Оксана Қабылбаева.

Балалар үйіне тап болған балалардың көзқарастары әр түрлі, алайда олар үшін ортақ құндылық бар. Ол – отбасы. «Ұлтының қандай екені маңызды емес, бастысы – тәрбие» дейді балалардың әкесі.

«Балаларымның бәрі жақсы. Оларға көп көңіл бөліп, сөйлесіп отыру керек. Балаларыммен мақтанам», – дейді әкесі Мұрат Қабылбаев.

Жеткіншектер сан түрлі ұлттың өнерін меңгеруге машық. Барлық ұлтқа құрметпен қарайды. Осындай тәрбие көрген балалардың ел ертеңі үшін аянбай еңбек етері сөзсіз. Себебі, Отан – отбасына басталады.

Фото: stan.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: