Тараздық студент арам шөптермен күресудің тиімді тәсілдерін ойлап тапты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.05.2017 16:34 Zakon.kz
1 грамм тары 250 грамм ылғал жұмсаса, осы астық тұқымдасына жататын қарасұлы сияқты арамшөп 600 грамм ылғалды қажет етеді.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенті арам шөптермен күресудің тиімді тәсілдерін ойлап тапты. Шолпан Елшібекова зиянкес өсімдіктерді химиялық және биологиялық шаралар арқылы жойып, астық түсімін арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы zakon.kz, оқу орнының Ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

– Арамшөптермен биологиялық әдіс арқылы күресу жаңа дамып келе жатыр. Бұл тәсілдің болашағы зор. Өйткені, химиялық әдіс арқылы күресу өнімді және тиімді деп кеңінен қолданылғанмен, экологиялық тұрғыдан, яғни қоршаған ортаны қорғау жағынан алып қарағанда оның бірқатар зиянды жақтары бар. Бұл орайда агротехникалық және фитосанитарлық шараларды ұштастырып жүргізу қажет, – дейді жоба авторының жетекшісі, Химия-биология факультетінің оқытушысы Мақсат Бейсембаев.

Жас ғалымдар зиянкес өсімдіктерді жоюда агротехникалық, биологиялық, химиялық және оттық тәсілдерді қолданбақ. Бұл шара жылыжай мен егістік жерлерді арам шөптерден түбегейлі арылтып қана қоймай, дәнді дақылдардың сабағы мен тамырын тазалауға септеседі.

– Ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары және тұрақты өнім алуға бағытталған жұмыстар барысында алқаптағы арам шөптерді жоюдың маңызы зор. Олар егістік даласын бүлдіріп, өнімдерге орасан зор зиян келтіреді. Арам шөптің Қазақстанда 300-ден астам түрі бар. Көптеген зиянкес өсімдіктердің тамырлары топыраққа терең бойлап өседі. Сондықтан олар терең қабатта жатқан ылғал мен қоректік заттарды жақсы пайдаланады.

Мәселен, 1 грамм тары 250 грамм ылғал жұмсаса, осы астық тұқымдасына жататын қарасұлы сияқты арамшөп 600 грамм ылғалды қажет етеді. Яғни, екі жарым есе көп. Міне, сондықтан да зиянкес өсімдіктермен күресті өрістете беруіміз керек, – деп атап өтті Ш. Елшібекова.

Оның айтуынша, жылдық жауын-шашын қорының бестен бір бөлігі арам шөптердің өсіп-өнуіне жұмсалады. Олар қоректік заттарды көп мөлшерде пайдаланғандықтан топырақтың құнарлылығын да төмендетеді.
Ғылыми жаңалық оқу орнының зертханалық кешенінде тәжірибеден өтіп жатыр. Алдағы уақытта өндіріске енгізу жағы да қарастырылмақ.

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: