Алматы облысының кәсіпкері Президенттің ұсынысына қолдау білдірді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.05.2017 03:49 Zakon.kz
Алматы обласында «Туған Жер» бағдарламасы аясында алғашқы жоба іске асырылды.

Алматы обласында «Туған Жер» бағдарламасы аясында алғашқы жоба іске асырылды. Алматы облысының кәсіпкері өз қаржысына ауыл паркін жаңартып, футбол корты мен қосымша білім орталығын ашты. Асқар және Динара Сабировтарда жаңа әдіс-тәсілмен жоғарғы технология арқылы жеміс-жидек пен көкөніс өндіретін «Amal Bio» ЖШС жұмыс істейді. Отбасында 170 гектарға созылған Еңбекшіқазақ ауданындағы жер телімінде 450 жұмыс адам жұмыс істейтін бау-бақша бар. Аталған отбасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан кейін Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащыбұлақ ауылының орталық паркін жаңғыртуды қолға алып кетті.

«Amal Bio» ЖШС директоры Динара Сабированың айтуынша парк жаңартылуы жобасын бастағанда, отбасы мүшелері мұнымен тоқтап қалмай, одан ары футбол корты мен балалар компьютерлік сауатын ашу және ағылшын тілін жетік меңгеру үшін қосымша білім орталығын ашуды ойластырған.

«Парк ауыл тұрғындары үшін үлкен рөл атқарады деп күтудеміз. Мұнда жасыл желектен бөлек көңіл көтеру орталықтары болады. Жас аналар үшін біз парк ішінен балалар ойнайтын алаңқай мен скамейкалар орналастыратын боламыз. Жасөспірімдер үшін жаттығу орындары мен батуттар салынады. Сонымен қатар, балалар компьютерлік сауат ашу, ағылшын тілін жетік меңгеру үшін қосымша білім орталығы болады. Спорт дамуы үшін балаларға футбол кортын сыйламақпыз», -дейді Динара Сабирова. Журналистердің неге Ащыбұлақ ауылына таңдау түскенін сұрағанда, Динара өз бақтарының жұмысшыларының дерлігі осы ауылдан екенін айтты.

Парктің жаңартылуын ауыл тұрғындары үлкен көлемде атап өтіп, қонақтарды ашық аспан астындағы концертке шақырды. Ауылдықтарды мереке қарсаңында Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар құттықтап келіп:

- Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы бірегей постулаттардың бірі осы «Туған Жер» бағдарламасы. Аталған мақаладан кейін кәсіпкерлердің өздері ұсыныспен шығып жатқандары қуантады. Сөзіме мысал ретінде өздеріңіздің парктеріңіздің жаңартылуын айтуға болады. Бүгінгі шара тек сіздердің ауылдарыңызға ғана емес, облыс үшін де елеулі оқиға. Алматы облысында 472 мекен бар. Мұндағы көптеген кәсіпкерлер өз туған жерінде аталған бағдарлама бойынша ат салысуды көздеп отыр, - деп атап өтті.

Шараның негізгі бөлігінен кейін ауыл ақсақалдары бата беріп, эксоватордың алғашы қалағы жұмысты бастау үшін жерге тиді. Құрылысшылардың сөзіне сенсек, жұмыс тамыз айында аяқталады.


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: