Алматыда тұрғын үй кезегінде тұрғандардан өтінім қағаз қабылдау басталды
Zakon.kz
Жалпы саны - 996. Пәтерлер Атлетикалық ауылда орналасқан.
Алматыда тұрғын үй кезегінде тұрғандардан баспана алу үшін өтінім қағаз қабылдау басталды. Оны 15 мамырға дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында e-gov.kz электронды порталы арқылы жүзеге асыруға болады, деп жазады Алматы телеарнасы.
Пәтерлер Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы үлестіріледі.
Жалпы саны - 996. Пәтерлер Атлетикалық ауылда орналасқан. Бір шаршы метрдің құны - 1036 теңге, жалға алу мерзімі 20 жыл.
Баспаналы болуға тек көпбалалы, толық емес, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған, отбасылар, әскери және мемлекеттік қызметкерлер іспетті халықтың 15 категориясы ғана үмітті.
Фото: Kn.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript