Екі майданда жаумен шайқасқан ардагердің ерлігі көпке үлгі
Zakon.kz
Тағдыр тезге салса да сынбаған атамыз тың көрінді.
Қан майданда болып, от кешкендердің бірі – Шәріп Рақымжаров ақсақал. Ол Орловскі мен Курск доғасы және Киевті азат етуге ат салысқан. Киев түбіндегі ұрыстарда қаһармандықтың небір үлгісін көрсетіпті, деп жазады Хабар 24 арнасы.
18 жасында соғысқа аттанған Шәріп атаның сұрапыл күндерді еске алғанда жүзіне сәл мұң ұялады. Ұмытпапты. Бәрі есінде. Соғыс жылдары басынан өткенін жіпке тізіп берді. Бір емес екі майданда жаумен шайқасқан. Орловский мен Курск доғасы және Киевті азат етуде ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсеткен. Тіпті атқыштар дивизиясында Туды күзетіп, қырағылық танытыпты. Кеудемде соғыс салған жараның орны әлі бар, - дейді қария.
Шәріп Рақымжаров, Ұлы Отан соғысының ардагері:
- 1942 жылы окопта жүріп, қозғалып кетіп бара жатқанда оң жағымнан келіп снаряд жарылды. Окопты жарып құлатып, денемді жауып тастады. Өне бойымды қан басып кетті. Қасымдағы жолдастарым көріп жатқан. Топырақтан шығарып алып, қан кеткен жерімді байлады.
Жарасы толық жазылмаса да майданға қайта аттанған. Бұл жолы Киевті жаудан қорғап, тағы бір ажалдан аман қалды.
Шәріп Рақымжаров, Ұлы Отан соғысының ардагері:
- 1945 жылдың желтоқсанында соғыстың біткен кезі. Мені Семейге жіберді. Өзім Семейден келгем ғой. Содан мені үйге қайтарды. Мен үйге келсем, әкем жалғыз қалған. Сол әкем мені күтіпті, тірі екен.
Соғыстан кейін де отбасын құрып, еліне қызмет етті. 16 баланың әкесі. Алайда қазір тек 7 баласының қызығын көріп, солардың амандығын тілеп отыр.
Айнұр Рақымжарова, Шәріп Рақымжаровтың қызы:
- Соғыстан кейін де әкеміздің тағдыры оңай болған жоқ. Шешеміз 49 жасында дүние салды. Әкеміз бәрімізді өсіріп, аяғымыздан тік тұрғызды.
Тағдырдың берген сыйына да шыдады. Тағдыр тезге салса да сынбаған атамыз тың көрінді. Намыстың құнын білетін ақсақал қандай құрметке де лайық екені аян.
Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Бекболат Базаров
Фото: 24.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript