Жарылғыш заттармен қаруларды қолдан жасап үйрететін 21 бейнеге тыйым салынды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.05.2017 17:12 Zakon.kz
Кіріп қараған жарылғыш заттармен қаруларды қолдан жасап үйрететін 21 бейне-материал анықталды
Атырау қаласының прокуратура қызметкерлері террорлық әрекеттерді болдырмау және алдын алу мақсатында ғаламтордағы қаруларды, жарылғыш заттарды қолдан жасауды үйрететін бейне-материалдарға үнемі мониторинг жүргізіп отырады. Мониторинг барысында «Вконтакте» әлеуметтік желісінде әр қайсысын кемінде 5 000 - 10 000 адам кіріп қараған жарылғыш заттармен қаруларды қолдан жасап үйрететін 21 бейне-материал анықталды, деп жазады zakon.kz.

Аталған бейне-материалда шетелдік тұлғалардың жарылғыш құралды қалай жасау керектігін және қандай жабдықтарды сатып алуға болатынын үйрететіні белгілі болды.

Мониторинг қорытындысы бойынша, қала прокуратурасымен Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау Комитетіне берілген талапнама негізінде аталған бейне-материалдарға Қазақстан Республикасының аумағында таралуға тыйым салынды.

Фото: www.riw.ru
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: