Қостанайда ағза ауыстыруға зәру 45 адам кезекте тұр
Zakon.kz
Қайтыс болған адамдардың туған-туыстары оның ағзасын мұқтаж етіп отырған науқастарға бергісі келмейді.
Қостанайлық тұрғындар арасында бүйрек жетіспеушілігі дертіне шалдыққандар басым. Сондықтан да болар, ағза ауыстыруға кезекке тұрғандардың басым бөлігін бүйрек үшін тұр, деп хабарлайды Baq.kz.
«Қазіргі таңда облыс бойынша ағза ауыстыруға зәру 45 науқас кезекте тұр. Бұлардың басым бөлігінде бұйрек ауыстыруды қажет етеді. Сондай-ақ, 3 адамға жүрек ауыстыру керек. Өкініштісі сол, кейбір науқастар кезекте тұрып, сырқатының салдарынан көз жұматын кездері де бар. Бұның өзі біздің қоғамда трансплантологияның дұрыс дамымай жатқанын көрсетіп отыр. Аталмыш мәселе тек біздің облыста ғана емес, еліміз бойынша қалыптасып отырған жағдай. Көңіл қынжылтантыны ағза ауыстыруға зәру жандардың арасында жастардың да кездесетіні. Біз кезекте тұрған 45 науқасқа қажетті донорлар табыла қалса отаны бүгін жасап, оларды аяғынан тұрғызуға дайынбыз. Бұлардың барлығы тегін жасалады», – дейді Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпарттық-аналитикалық бөлімінің басшысы Әнуар Едрисов.
Бүгінгі таңда елімізде осы сала бойынша бірнеше заң қабылданса да, қайтыс болған адамдардың туған-туыстары оның ағзасын мұқтаж етіп отырған науқастарға бергісі келмейді.
«Көз жұмған адамның ағзалары тағы бір жанға өмір сыйлауы мүмкін. Бірақ, оны артында қалған туыс-туғандарына түсіндіру өте қиын. Өз жеке пікірімді айтар болсам трансплантология – бұл өте қайырымды жұмыс. Өкінішке қарай, қазір мұны қоғамда табыс табу көзіне айналдырып алды. Біздің ауруханада осы бағыттағы жүргізілетін оталардың барлығы ашық, заң бойынша және тегін», – дейді облыстық аурухананың бас дәрігері Владимир Стельмах.
Тағы бір айта кетер жай, еліміздің басқа облыстарымен салыстырғанда Қостанайда өмірден өткен адамдардың ағзаларын туыстарының келісімімен донор ретінде пайдалану жағынан көш бастап тұр. Оған дәлел, 2013 жылдан бастап өңірде 8 жүрек, 14 бүйрек, 7 бауыр сонымен қатар көздің мөлдір қабығын ауыстыру отасы жасалыпты.
«Барлық оталар сәтті өтті. Жүрегін ауыстырған 2 әйел өмірге сәби әкеліп ана болып отыр. Сондай-ақ, Қазақстанда ғана емес Орталық Азияда бірінші болып жүрек ауыстыру отасы Рудный қаласының тұрғыны Жәнібек Оспановқа жасалды», – дейді Владимир Стельмах.
Ал, кезекте тұрған науқастардың жағды не болатыны тек донорларға байлнысты болып отыр.
Мешіт Ғазиз
Фото: Likar.info
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript