Алматы облысында шегірткелерге қарсы дәрілеу жұмыстары басталады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.05.2017 16:02 Zakon.kz
Статистикаға сәйкес, өткен жылы республика бойынша 5,2 млн гектар ауылшаруашылық жерді зиянкестер жайлаған.
Алматы облысында жайылымдық және шабындық жерлерді зиянкестерге қарсы дәрілеу жұмыстары басталады. Жауапты мекемелермен келісім жасалып, химиялық қоспалар да сатып алынған. Егіс алқаптарына шегірткелер шабуылының алдын алу үшін сала мамандары Іле ауданында бас қосып, атқарылар іс-жоспарларын пысықтады, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Қазір облыстағы 6 млн гектар аумаққа зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мақсат – шабындық және егіс алқаптарында шегірткелердің шоғырланған жерін анықтап жою. Бұл жұмыстарға 8 ұшақ және 19 арнайы техника дайындалған. Облыстық және аудандық штаб құрылып, жұмыс топтары бекітілді. «Зиянкестерге қарсы екі түрлі химиялық қоспа себіледі. Ол өсімдік пен жануарларға қауіпсіз», – дейді мамандар.

Жарас Оңдасынов, облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

– Ингивитор препараттарының әсерлігі 7-14 күнде белгілі болады. Ал екінші пиретроидтар жәндікке тигеннен кейін өледі.

Шегіртке шабуылының алдын алу жұмыстары 20 мамырдан басталады. Оған республикалық бюджеттен 190 млн облыстық бюджеттен 91 млн теңге бөлінген. Бұл қаржы жалпы көлемі 340 мың гектар жерді дәрілеуге жұмсалады.

Серікжан Бескемпіров, облыс әкімінің орынбасары:

– Бүгінгі күні барлық химиялық қоспалар бар. Тек қана ауыл әкімдері, шаруалар уақытында зиянкестер туралы ақпар берсе болды. Облыстың кез келген аймағына бар болғаны бес сағатта қажетті техниканы жеткізіп, дәрілеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.

Статистикаға сәйкес, өткен жылы республика бойынша 5,2 млн гектар ауылшаруашылық жерді зиянкестер жайлаған. Бүгінгі жиында осындай шығынның қайталануына жол бермеу керектігі айтылды. Семинар барысында алқаптарды дәрілеуге арналған ұшақтар мен арнайы техникалардың көрмесі ұйымдастырылды. Шаруларға қажетті құрылғылар таныстырылып, химиялық қоспаларды қолдану тәсілі көрсетілді.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Кенже Амраев

Фото: 24.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: