ОҚО-да АҚШ президентінің аттасы кішкентай Дональд тұрады
Zakon.kz
Кәдірбай Жарқынбековтың сөзінше, үшінші немересінің атын өткен жылғы сайлауда жеңіске жеткен Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың құрметіне орай қойған.
Оңтүстік Қазақстан облысында АҚШ президентінің аттасы кішкентай Дональд тұрады. Өткен жылдың қараша айында Қазығұрт ауданы Көкібел ауылында туылған сəбиге бұл есімді атасы Кəдірбай қойыпты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
Кәдірбай Жарқынбековтың сөзінше, үшінші немересінің атын өткен жылғы сайлауда жеңіске жеткен Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың құрметіне орай қойған.
«Мен өзім инженер-геолог, сәулетшімін. Дегенмен саясатқа қатты қызығамын. Ұлым Шыңғыстың үшінші ұлы өмірге келгенде АҚШ-та сайлау өткен болатын. Америка сияқты алып мемлекетте саяси тартыс болып, ақыр соңында Дональд Трамп атты миллионер жеңіске жетті. Бұл тоғызыншы қараша болатын. Немерем екі күннен кейін, яғни 11-ші қарашада дүниеге келді. Сол күні есімін Дональд деп қойдым. Қазақстанда да Дональд Трамп сияқты мықты, бай әрі бейбітшілікті ұстанатын азамат болсын, екі ел арасында татулық орнасын деген ниетпен. Бір айта кетерлігі, баламыз шашы қалың болып туылды аттасы сияқты»,-дейді Кәдірбай Жарқынбеков.
Осыдан кейін Дональдтің әкесі атасының айтуымен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігіне хат жіберген. Онда Дональд Трамптың аттасы Қазақстанда өмірге келгені туралы сүйінші хабар айтылған. Десе де елшілік әлі қандай да бір жауап бермепті. Бүгінде алты айдан асқан сәбидің әжесі Райхан апай болса немересінің өзгеше есімін ауылдастарымыз естігенде таңқалып жатты,- дейді.
«Келінім Назгүл үш ұл босанды. Барлығының есімдерін атасы қойды. Үшіншісі өмірге келгенде бәріміз Дональд деген есімге қарсы болдық, қазақша есім бере салайық деп. Алайда атасы көнбеді. Балам өскенде Дональд Трамп сияқты бай, ауқатты адам болады деп. Үлкен азамат болғанда одан барлықтарың ақша сұрайсыңдар деп әзілдейді. Бүгінде Дональдтың Ханбатыр мен Береке есімді ағалары өсіп келеді. Олардың Дональд деуге тілі келе бермейді. Донди Трамп дейді. Ауылдағылар болса президент немереңіз деп айтады. Емханадағылар атын жақсы біліп алған. Қазір бәрінің де құлағы үйреніп қалды»,-дейді әжесі Райхан Жарқынбекова.
Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript