Қарағандыда көне домбыра табылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.05.2017 23:58 Zakon.kz
Қарияға қара домбыра 1932 жылы әкесінен мұра болып қалған.
Құнды жәдігер шертпе күй орталығының жетекшісі Қайролла Сәдуақасовтың қолында сақтаулы, деп жазады Хабар телеарнасы.

Қайролла ағамызға ұлттық аспапты Мойынты ауылында тұратын Рахманали Әбеуов ақсақал табыстапты. Ал қарияға қара домбыра 1932 жылы әкесінен мұра болып қалған. Содан бері Рахманали ата оны көзінің қарашығындай сақтап келген. Қазақтың ұлттық күй өнерін зерттеп жүрген Қайролла Сәдуақасовтың айтуынша, бұл көне домбырада атақты Қыздарбек, Әбди, Сембек күйшілердің ойнауы әбден мүмкін.

Себебі олардың барлығы осы Шет өңірінде өмір сүрген. Домбыра да сол уақыттарда жасалыпты. Қайролла ағамыз жәдігерді мұражайға тапсырмайтынын айтады. Көне аспапты қайтадан қалпына келтіріп, алдағы күзде өтетін Әбікен Хасенұлының 125 жылдығына арналған республикалық фестивальде күй орындамақшы.

Қайролла Сәдуақасов, «Күй керуен» шертпе күй орталағының жетекшісі:

-Кешегі Сембек, Әбди, Қыздарбектердің қолы тиген домбыра. 1900 жылы жасалған. Осы домбыраны реттеп, жөндеп, сахнаға алып шығамын ба деп отырмын. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы шықты. Бұл бізге өте керемет қолдау болып отыр.

Фото: khabar.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: