Астанада КамАЗ жүргізушісі төккен қоқысын қайта жинауға мәжбүр болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.05.2017 15:31 Zakon.kz
КамАЗ жүргізушісі тиісті емес жерге қоқыс төгемін деп біраз шығындалды
Астанада жүк көлігі жүргізушісіне тиісті емес жерге төккен құрылыс қоқысын қайта жинатқызды, деп хабарлайды sputniknews.kz, елорданың жергілікті полиция қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Астанада рұқсат етілмеген жерге қоқыс шығарғандарға 2 миллионнан астам айыппұл салынды Құрылыс қоқысын төккен жүргізушіні әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартқан.

Ведомство мәліметінше, дүйсенбі 15 мамыр күні сағат 17.15-те құқық қорғаушылар 1987 жылы туған, "КамАЗ" көлігінің жүргізушісін ұстады. Көлікке қатысты құжаттарынсыз шыққан ол үйден 50 метрдей алысқа барып, тиісті емес жерге қоқыс төккен.

Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері тәртіпбұзушыны ҚР ӘҚБК 505-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сот оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салып, төккен қоқысын қайта жинауға мәжбүрледі. Бұдан бөлек, көлікті құжаттарынсыз айдағаны үшін жүргізуші ҚР ӘҚБК 612-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Фото: sputniknews.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: