Жаңақалалық тұрғын салмағы 50 кг жайын ұстады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.05.2017 16:57 Zakon.kz
Олжаны қызық көріп, тамашалаған ауылдастары аз болған жоқ.
Жаңақала ауданы Мәстексай ауылының тұрғыны Әлімбай Айғалиев салмағы 50 келі жайын ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» газетінің бас редакторы Өмірзақ Ақбасов жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап жазды.

Мәстексайлық Әлімбай Айғалиев кәсіби балықшы емес. Десе де, бар өмірі балығы тайдай тулаған Қараөзеннің жағасында өтіп жатқандықтан, оқта-текте жайынға қармақ лақтырмай жүрмейді.

Бірде ірісі, бірде уағы дегендей, құр қол қайтпайды әйтеуір. Биыл да өзен мұзы еріп болған тұста, ауыл тұсындағы өзенге жемін шаншып, қармақ құрды. Күн әлі салқын, балық уылдырық шашуға ерте, аулауға тыйым салынбаған кез.

Олжалы болам деген дәмесі аз еді. Ертесіне саумалап қараған қармағы ауыр тартты. Іліккен кішілеу нәрсе емес. Қармақ бауы мықты еді.

Біраз алысып, қармағын қапқан жайынды жағаға әупірім деп әрең шығарды. Олжа деп осыны айт! Дәу жайын, ұзындығы екі метр шамасында.

Салмағы 50 келіден асыпты. Сөйтіп, жасы алпыстан асқан ауыл азаматы үлкен олжаға кенелсем деген бір мұратына жетті.

Олжаны қызық көріп, тамашалаған ауылдастары аз болған жоқ.

Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: