Павлодарда 18 ғасырда өмір сүрген сұлтанның ордасы табылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.05.2017 15:23 Zakon.kz
Сұлтанмұхамед Бахадүр Абылай ханның туысы болған.
Павлодарда Ертіс өзенінің жағасынан 18 ғасырдың белгілі әскери әрі мемлекет қайраткері Сұлтанмұхамед Бахадүр сұлтанның резиденциясы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодарлық Тимур Смағұлов бастаған «Марғұлан-орталығының» археологтары үш ғасыр бұрын Ертіс маңы билеушісінің ордасы болған жерді тапты. Бұл туралы тарихшылардың өздері хабарлады. Олар бірнеше жыл бойы архивтердегі көптеген құжаттарды зерттеп, сұлтанның резиденциясын іздеуге шыққан.

Сұлтанмұхамед Бахадүр Абылай ханның туысы болған. Дипломатиялық бағытта жазылған жазбалар оның көреген әрі өте сұңғыла саясаткер болғанын айғақтайды. Сұлтан жоңғар шапқыншылығы кезіндегі ең басты айқастардың біріне қатысқан.

Оның өзен жағалауында бірнеше резиденциясы болған. Солардың бірі Павлодардың маңында орналасқан. Ол тұрған арал Сұлтанның аралы деп аталған. Енді «Марғұлан-орталығы» ғимаратында аталған орынның көшірмесі орнатылады. Ол күзге дейін аяқталады деген жоспар бар.

Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: