Киіктер тәулік бойы бақылауда болады
Zakon.kz
Қазіргі таңда елімізде 108 мыңнан астам киік бар.
2015 жылы ақбөкендердің жаппай қырылуынан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігі оларды қорғау тәсілдерін өзгертті. Қазіргі уақытта Қызыл кітапқа енген жануарларды 160-қа жуық инспектор бақылап отыр, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Бүгін бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Сенат отырысында баяндады.
Өткен жылы жүргізілген санаққа сенсек, қазіргі таңда елімізде 108 мыңнан астам киік бар. Бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда, бұл көрсеткіш әжептәуір өскен. Бүгінде Орал, Бетпақ дала, Үстірт популяцияларын көбейту үшін мамандар ғалымдардың көмегіне жүгінді.
Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі:
- «Охотзоопром» ӨБ-де бүгінде 200-ден астам инспектор жұмыс істейтін болса, соның 160-қа жуығы киіктерді қорғауға тартылды. «Охотзоопром» ӨБ-де 70-тен астам техника, 1 тікұшақ бар. Оларды қай жерде киіктің саны қандай, қай жерде топ бар, соған қатысты қайта қарап, бекітіп отырмыз. Екі апталық әдіспен 24 сағат киіктерді күзету қазіргі уақытта жолға қойылған.
Фото: 24.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript