Атырауда 8-сынып оқушысы анасының жуған еденін былғағаны үшін өзінен кіші баланы сабап тастады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.05.2017 16:12 Zakon.kz
Күш көрсеткен оқушының анасы еден жуушы.
Атырауда мектеп оқушысы еденді былғаны үшін 7-сынып оқушысын сабап тастады, деп хабарлайды stan.kz, Мой город жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Күш көрсеткен оқушының анасы еден жуушы. Сондықтан ол анасының жуған еденін былғағаны үшін 7-сынып оқушысы ұрып тастады. Анасының айтуынша, оқушылар бастапқыда ұрысып қалған. Оның соңы төбелеске ұласыпты. 8-сынып оқушысы анасына құрмет көрсетуді үйретпек болған.

Іс мамандандырылған кішігірім бұзақылық әрекеті ретінде сотта қаралып, еден жуушыға 11 118 теңге айыппұл салынды.

Камилла Малик

Фото: stan.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: