Батысқазақстандық тұрғын үйін мешітке тарту етті
Zakon.kz
Бұл үйде ауданға келетін найб-имамдар ақысыз тұрып, халыққа қызмет ететін болады.
Қасиетті рамазан айында Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқын ауылында тұратын кәсіпкер Медет Сикенов өзі тұрған екі бөлмелі үйді жергілікті мешітке тарту етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Аудан имамы Назымбек Иманғалиевтің айтуынша, бес уақыт намазын үзбей, ораза ұстап жүрген Медет отбасымен жаңа қонысқа көшіп жатқандықтан, бұрынғы үйін ішінде өзі тұтынған жиһаздары, «Отау тв» қондырылған теледидарымен, тоңазытқыш және басқа бұйымдарымен мешітке қалдыруды ұйғарды. Үйге газ да кіргізілген, тұруға қолайлы.
«Бұл үйде ауданға келетін найб-имамдар ақысыз тұрып, халыққа қызмет ететін болады. Жалпы, мешітке жамағаттың келуі жақсы. Рамазан айына байланысты аудан басшыларының қатысуымен ауызашарлар берілуде. Алдағы уақытта Медет сияқты кәсіпкерлердің ісі жұғысты болса дейміз. Өйткені аудандағы үш мешіт (Сайқын, Хан ордасы, Бисенде) пен Саралжын ауылындағы бір намазхана аздық етеді. Күні бүгін Бөрлі, Ұялы ауылдарында жергілікті тұрғындардың, кәсіпкерлердің көмегімен мешіт салу ойластырылуда. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғанындай, туған жерімізге осындай жақсылықтар жасай білсек, мәртебеміз де көтеріле түсетіні анық», деді Назымбек Иманғалиев.
Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript