СҚО-да 7 кәсіпорынның жұмысшыларына қарызы 95,3 млн теңгеге жетті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.06.2017 22:53 Zakon.kz
Уәлиханов және Жамбыл аудандары кәсіпорындардағы еңбекақы төлеу бойынша қарыздың өсімі бақылауға алынатын болады.
Облыстық әкімдікте өткен жиналыста еңбекақы төлеу бойынша қарыз мәселесі қаралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Пішенбаевтың мәлімдеуінше, биылғы жылдың мамыр айында облыстағы 7 кәсіпорынның 798 жұмысшысының алдындағы қарызы 89,9 млн теңгеден 95,3 млн теңгеге өскен. Борышкерлер қатарында «Петропавл халықаралық әуежайы» АҚ да бар. Компания өз қызметкерлеріне 18,6 млн теңге қарыз. Мамыр айында оларға 5 млн теңге көлеміндегі қаңтар айының еңбекақысы төленген. Қызылжар ауданының әкімі Болат Жұмабековтың айтуынша, халықаралық әуежай штаты талапқа сай адамдардың белгіленген санымен жасақталуы тиіс. Еңбекақының кірісі мен шығысының айырмашылығы шамамен 2 млн теңгені құрайды.

«Қазір Алматыға аптасына екі рет ұшақ ұшырылады, сұраныс та жоғары. Ұшақтардың үштен екісі толық, демек, рейстердің санын аптасына үш ретке арттыру керек. Алғашқы рейс 19 жолаушымен Шымкентке аттанды. Жұмыс істеу керек», - деді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ, Уәлиханов және Жамбыл аудандары кәсіпорындардағы еңбекақы төлеу бойынша қарыздың өсімі бақылауға алынатын болады. Ғ.Мүсірепов ауданындағы еңбекақы қарызы 8 миллионнан 6,8 млн теңгеге, Тайынша ауданында 18,4 млн теңгеден 16,1 млн теңгеге төмендеді.

Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: