Бакуде қазақстандық суретшілердің көрмесі ашылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.06.2017 20:47 Zakon.kz
Көрме 7 маусымнан 29 қазанға дейін жалғасады.
Бакудегі заманауи өнер орталығы қазақстандық суретшілердің «Күн мен неондар астындағы Қазақстан» атты көрмесін ашты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА.

Көрмеге 16 қазақстандық суретші, соның ішінде 5 жас өнер қайраткері қатысуда.

Олар қалалық ландшафтар мен әсем көріністер тақырыбын зерттейді және тарихпен әуестенеді.

Көрме аясында қалалық өмірдің шынайылығынан оқшаулану аясында жеке тұлғаның эмансипациясы мен жеке өмірі тақырыбымен айналысатын жас суретшілер буыны таныстырылды.

Көрме Е.Мелдібеков, Б.Бубиканова, Г.Маданов, З.Терекбай, А.Меңлібаева және басқа да суретшілердің 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында жасаған жұмыстарын біріктіреді.

Көрме үстіміздегі жылдың 7 маусымынан 29 қазанына дейін жалғасады.

Фото: vashgorod.ru
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: