Мас күйінде көлікті басқарған жүргізушілерге қатысты талап күшейтілмек
Zakon.kz
Құжатты ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының тобы әзірледі.
ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Құжатты ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының тобы әзірледі.
«Заң жобасын Мәжілісте талқылау барысында құжат қосымша нормалармен толықтырылып, онда негізсіз шектеулер жойылды және жаңашылдықтар жолдағы тәртіпті күшейтуге ықпал етеді. Көлікті полицейлер талабы бойынша тоқтатқан жағдайда олардың іс-қимылының тәртібі бекітіледі»,-деп тоқталды заң жобасын таныстыру барысында Мәжіліс депутаты Владислав Косарев.
Атап айтқанда, көлік құралын тоқтатқаннан кейін қызметкер кідірмей оған жақын келуге, өзін таныстыруға, жүргізушінің талап етуі бойынша қызметтік куәлігімен таныс етуге, тоқтату себебін түсіндіруге, сондай-ақ пайдаланылған жағдайда ереже бұзушылықты тіркеген құралдардың мәліметтерін ұсынуға міндетті.
Бұдан өзге, заң жобасымен көлікті тоқтатқан кезде жүргізушінің полиция іс-қимылдарын фотоаппаратқа және бейне түсіруді жүргізуге құқығы көзделеді.
Сонымен қатар жолаушыларды түнгі уақытта тұрақты емес автотасымалдармен тасымалдауға және көлік құралдарындағы аэрографикалық суреттерге тыйым салулар алып тасталды.
Масаң күйде көлікті жүргізгені үшін, сондай-ақ куәландырудан өтуден бас тартқан жүргізушілерді куәлігінен айырудың бірыңғай үш жылдық мерзімі белгіленуде.
Мұнымен қоса, жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда қайта емтихан тапсыру талабын алып тастау көзделген.
Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript