ПРАВМЕДИА: Жер мен үйді қалай заңдастыруға болады? Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында 10 сотық жерді алуға болады
Zakon.kz
Вебинардың басталуы 16 маусым 2017 жыл Астана уақыты бойынша 14:00.
Ханымдар мен мырзалар! Үйіңізді, қосалқы құрылысты, дүкен немесе жеріңізді заңдастыра алмай жатырсыздар ма?
Қай мемлекеттік органға арыздану керек екендігін білмей жатсаңыз және жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында 10 сотық жерді қалай алуға білмейсіз бе?
Онда сіздерді «Жер мен үйді қалай заңдастыруға болады? Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында 10 сотық жерді алуға болады» деген тақырып бойынша жоспарланатын вебинарға қатысуыңызға шақырамыз.
Вебинардың басталуы 16 маусым 2017 жыл Астана уақыты бойынша 14:00.
Өткізілу Регламенті:
Вебинар 2 бөлімнен тұрады.
1 бөлігі – Жер мен үйді қалай заңдастыруға болады (14:00-15:30)
Үзіліс 15 минут
2 бөлігі – Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында 10 сотық жерді алуға болады (15:45-17:15)
Бизнес тренер:
- Жер және экологиялық құқық саласында 15 жыл тәжірибесі бар заңгер;
- «Bazarbek&Partners» заң компаниясының Бас директоры;
- Алматы қаласы Әкімдігі жанындағы жер құқықтық мәселелерді реттеудегі кеңестердің тәуелсіз сарапшысы;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің жұмыс топтарының сарапшысы;
- «Жер құқығы» видео құралы (700 минут) және «Экологиялық құқық» видео құралының авторы;
- «Қазақстан Республикасының Жер құқығы» (кесте түрінде) оқу құралының авторы;
Вебинар кімдер үшін пайдалы?
- Өзінің жері мен үйін, құрылыс ғимараттарын заңдастыра алмай жүрген азаматтар мен заңды тұлғаларға;
- Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында 10 сотық жерді алуға мүдделі азаматтарға;
- Заңгерлерге;
- Жергілікті атқару органдары, жер ресурстарын басқару органдары, жер инспекция органдары, сәулет және қалақұрылыс органдары, сәулет және қалақұрылыс бақылау органдарының лауазымды тұлғалары мен мен мамандарына;
Бағдарламада:
1 Бөлім
1. Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында 10 сотық жерді табыстау және құқықтық рәсімдеу ерекшеліктері;
2. Жеке қосалқы үй шаруашылығына арналған жерді табыстау және құқықтық рәсімдеу ерекшеліктері;
3. Саяжай құрылысы және бағбандықты жүргізуге арналған жерді табыстау және құқықтық рәсімдеу ерекшеліктері;
4. Тұрғын үйді заңдастыру ерекшеліктері;
5. Қосалқы құрылыстар, қосалқы бөлмелер, шаруашылық құрылыстарды заңдастыру ерекшеліктері;
6. Саяжай құрылыстары мен көлікті сақтау орындарын заңдастыру ерекшеліктері;
2 Бөлім
1. Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында 10 сотық жер кімге беріледі;
2. Жерді алу үшін тізімге тұру жолдары
3. Жерді алу үшін тізімге тұру мақсатында қандай құжаттарды жинау қажет және оны тапсыру ерекшеліктері
4. Жерді табыстаудың мерзімдері, тәртібі.
Жүргізушіге сұрақтарыңызды ертерек қойғандарыңыз абзал. Сұрақтарыңызға жауапты тікелей эфирде естисіздер. Вебинарға қатысу ақысыз және алдын ала тіркелу жолымен жүзеге асырылады.
p/s ТЫНДАҢЫЗДАР! Орындардың саны шектеулі!
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript