ОҚО-да ұрылар сейфті алтын бұйымдарымен тонап кеткен
Zakon.kz
Тергеу барысында сезіктілердің жәбірленуші әйелдің үйіне есікті бұзу арқылы кіріп, сейфті ұрлағаны мәлім болды.
Оңтүстік Қазақстан облысында ұрылар сейфті алтын бұйымдарымен тонап кеткен. Осылайша Сарыағаш ауданының тұрғынына 1,5 млн теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
Алтын бұйымдардың иесі Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасына арызданып, белгісіз біреулер үйінен сейфін ұрлап кеткенін көрсеткен. Жедел іздестіру шараларын жүргізген өңірдің тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысы бар деген екі күдіктіні қолға түсірді. Ұсталған екеудің 21 жастағы жұмыссыздар екені анықталды.
Тергеу барысында сезіктілердің жәбірленуші әйелдің үйіне есікті бұзу арқылы кіріп, сейфті ұрлағаны мәлім болды. Кейіннен оны ашып, ішіндегі ақшалар мен алтын бұйымдарды алған. Сөйтіп ұрланған әшекейлерді сатып, қажеттеріне жаратқан.
Қазіргі таңда сезіктілер уақытша тергеу абақтысына қамауға алынып, оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 188-ші «Тонау» бабымен іс қозғалды. Олардан тәркіленіп алынған алтын бұйымдар иесіне қайтарылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript