Атырау облысында екі имам төбелесіп қалған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.06.2017 23:38 Zakon.kz
Атырау облысы Исатай ауданы "Зинеден ата" мешітінде төбелесіп қалған имамдарды келушілер арашалаған.
Атырау облысы Исатай ауданы "Зинеден ата" мешітінде ел алдында бас имаммен жаға жыртысқан наиб имамға сот айыппұл салды, деп хабарлады sputniknews.kz, Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша, Исатай ауданындағы "Зинеден ата" мешітіндегі кешкі намаздан соң дін ұстанушылар алдында наиб имам бас имамның жұмысына наразылығын айтып салады.

Бас имам сөзбен айтысу сәтін түгелдей ұялы телефон камерасына түсіріп алған. Бұған ызасы келген наиб имам бас имамның телефонын тартып алуға ұмтылып, ашу үстінде оны кеудесінен бір-ақ ұрады. Мешітке келушілер екі дін қызметшісін ажыратуға мәжбүр болыпты.

"Сот отырысында наиб имам өз кінәсін мойындап, бас имамнан кешірім сұрады. Сот үкімімен құқық бұзушы айыпты деп танылып, оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Фото: sputniknews.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: